Scorpions в Алматы
Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Мұз патшайымы

Мұз патшайымы, ТЮЗ Мусрепова

Өтетін орыны: Алматы қ-сы, Абылай хан даңғылы 38, Ғабит Мүсірепов атындағы театр

Автор:  Г. Х. Андерсен и Е. Л. Шварц

Коюшы режиссёр: Динара Әбікеева 

Коюшы суретші: Алтынай Жүсіпәлі

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

Тұрақ:

Қосымша:

 

 

Тақырыбы жағынан бұрыннан таныс шытырман оқиғалы бұл қойылым несімен ерекшеленеді? «Мұз Патшайымы» ( «Снежная Королева» ) ертегісін білмейтін бала бар ма?..

Жан жылуы молынан болған жерде сұрқай табиғат, сұрқия күш те, күңгей көңіл мен шытынаған түрлі сынақтар да қауқарсыз екеніне көз жеткізесіз. Достық пен мейірім – мұз боп қатқан тас-жүректерді де жібітеді!

Ендеше, жас достар!

Мұз Патшайымы сарайының айнадай жып-жылтыр, керемет те сұсты кейпін сезініп, қызықты кейіпкерлерімен танысқыларыңыз келсе, өздеріңізге арналған Жаңажылдық жаңа қойылымды көруге келіңіздер!

Спектакльден соң балаларды Аяз Ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтетін қызықты Жаңа Жылдық шырша ойындары күтеді.

Билет қайтару шарттары: танысу