Scorpions в Алматы
Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Жұлдыз болғың келсе...

«Жұлдыз болғың келсе...»/ концертный зал Астана

Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залы

Өтетін күні: 2022 жылғы 22-мамыр

Өтетін уақыты: 17:00

Кеш авторы: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Майра Ильясова.

Турақ: бар

Жас санаты: 7+

Қосымша:


 

 

2022 жылғы 22-мамыр күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония залында «Жұлдыз болғың келсе…» атты кеш өтеді.
Жұлдызды кеш елімізге белгілі эстрада әншілерімен бірге кішкентай өнерпаздардың қатысуымен өтеді. Биылғы жылды мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады.
Әрбір дарынды бала жұлдыз болуға лайықты. Еліміздің ертеңі - бүгінгінің балдырғандарына қолдау көрсету баршамызға абыройлы міндет. Жобаның мақсаты да өнерге қанат қаққан жас талант иелерін үлкен өнер жолына бастау, келешек жаңа жұлдыздарды жағу болып табылады.

22 мамыр сағат 17:00 Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Жұлдыз болғың келсе…» атты жұлдызды ән кешіне асығыңыздар!
Балалар біздің болашағымыз !
1 маусым «Балаларды қорғау » күніне арналған кешімізге жылда асыға келетін көрермендерімізге биылғы ән кешінде ұсынатын қызықты сәттеріміз көп!

Кешке

  • Макйра Ильясова
  • Қанат- Света,
  • Қыдырәлі- Қарақат,
  • Алтынай Жорабаева,
  • Алишер Каримов,
  • Айгүл Иманбаева,
  • Арайлым Рахымқызы,
  • Клара- Медет,
  • Ардақ Балажанова,
  • Әсем Омарова,
  • Ақбота- Әкімхан,
  • Зарина Омарова,
  • Рухия Байдүкенова,
  • дарынды балалардан Ержан Максим,
  • «Қазақстан дауысы» балалар байқауының ақырғы іріктеуден озып шығып, өнер сүйер қауымды тәнті етіп жүрген Абай Әскеров,
  • Нұршуақ Болатқызы

т.б кішкентай жұлдыздардың әндерін тамашалайсыз!

«Қазақстан» телеарнасына түсіріледі!
Ән кешінің мақсаты жас дарындарды қолдау, бақытты ұрпақ үндестігін жария ету!