Scorpions в Алматы
Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Теңіз ғажайыптары

Каспий лагунасының су астындағы қамалына  қонақтар Жаңа Жылдық  балға жиналады. Жас ханзада осы балда өзіне қалыңдық таңдайтын болады. Ол таңдайтын қалыңдыққа қойылатын шарт: қалыңдық өзі әдемі, өзі ақылды, дені сау болуы. Сондықтан қалыңдықтың өмір сүретін ортасы таза теңіз болуы керек.

Балға жер шарының мұхиттары мен теңіздерінен қонақтар келеді, олармен бірге саяхатшылар, теңіздерді ластайтын заттар да ілесе келеді. Олар Жаңа Жылдық балды болдырмауға және Ханзаданы ең лас, ауру қалыңдыққа үйлендіргісі келеді. Ақырында, ханзада Каспий лагунасы патшасының қызын таңдайды, өйткені бұл ең таза теңіз, демек теңіз таза болса, онда тұратындардың барлығының дендері сау дегенді білдіреді.