Scorpions в Алматы
Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
99 человек за последний час интересовались этим событием.

Туған күн

Купить билеты

Ағылшын драматургі  Рэй Кунидің бұл пьесасында сүттей ұйып отырған жас отбасының басына түскен қысылтаяң әрі күлкілі бір жайттың жай-жапсары, адам сенгісіз әсері суреттеледі. Банктың жас қызметкері, қарапайым бухгалтер Генри Перкинс ойламаған жерден көп ақша тауып алып, иен-тегін мол байлыққа кенеледі. «Ақшаның жұлдызы ыстық», қазақ мәтелінде айтылған бұл шындық комедия кейіпкерлерін бас-аяғы бірер сағаттың ішінде басын айналдырып, шырғалаңға салып жібереді. Ақшаның құдіреті табанда мәлім болады, адам баласының мінез-құлқы мен іс-әрекеті қас қаққанша өзгеріп, жынша құбылып шыға келеріне көрермен қауым куә болады.

Актерлік құрам: Жасұлан Ерболат, Сая Тоқманғалиева, Олжас Жақыпбек, Инабат Әбенова, Асылбек Қапаев, Жанат Оспанов, Нұрсұлтан Есен, Дастан Әлімов, Алтынгүл Серкебаева, Шах-Мұрат Ордабаев, Самат Байыров, Айкөркем Тұранова, Ерсін Айтмұқаш, Ерғұлан Жанпейісов